REPEAT:

Гүл мен бұлбұл - Студия Имран

Студия Имран
Мекендеген кіл ақын
Алматыда жаңа үй бар.
Сол жаңа үйде тұратын
Сардар деген сәби бар.

Құмар бәрін білуге,
Мінезі оның бір қызық.
Асыр салып үйінде
Алтын балық жүр жүзіп.

Базар барып бір күні
Алды ол сатып бір гүлді.
Гүлге серік керек деп
Және де алды бұлбұлды.

Таң атқанда алаулап,
Көкті отымен қыздырып.
Бұлбұл гүлге ән арнап,
Сызылтады сызғырып.
SHOW LESS